Жарияланды: 550

КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері мұнай тиелген 180 танкер жөнелтілді

25-маусым , сәрсенбіде КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастаған 2001-жылдан бергі 180-ші танкерге мұнай тиеп жөнелтілді . 26-маусымдағы жағдаймен Каспий құбыр жүйесі Консорциумы дүниежүзілік рынокқа 18,9 млн. тонна мұнай жөнелтті. 2003-жыл басынан бері айдалған мұнай көлемі 6,85 млн. тоннаны құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі таңда КТК жүйесі арқылы бес компанияның мұнайы тасымалдануда. Ай сайын айдалатын мұнай көлемі барған сайын артып, бүгінде 1,2-1,3 млн. тоннаны құрап отыр. КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия - 24%, Қазақстан - 19%, Оман Сұлтандығы - 7%. Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани - 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. - 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани - 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. - 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. - 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС - 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС - 1,75%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть