Бүгін әріптесіміз Жадыра Сейдеш Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі телевизиялық туындылар циклы аталымында үздік деп танылды. «Жүрекжарды» — қазақтың жақсысы мен жайсаңын түгендеп жүрген бірегей жоба. 8 жылдан бері экраннан түспеген бағдарламада автор 500-ден астам танымал тұлғамен сұхбаттасып үлгерген.
Жадыра Сейдеш, «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы, жүргізушісі:
— Телевизия қызметкерлері үшін өзінің туған одағының, журналистер одағының лауреаты атану деген ең жоғары, ең мәртебелі марапат деп ойлаймын. Бұл телевизия саласында күн демей, түн демей еңбек еткен бейнетті бір шақтарымыздың жанғаны, сондай бір қиын күндеріміздің қайтарымы секілді.