Жаңа жобаның идеясы да ерекше. Бүгінде отандық арналарда өнер адамдарының қатысуымен өтетін бағдарламалар жеткілікті. Ал, Тұрсынбектің жеке жобасы саясат тақырыбынан мүлде алшақ.
-Біз бастаймыз
Әңгіме тек әзілмен өрілетін бағдарламаның қонақтары, әрине, танымал әншілер, әртістер, спортшылар. Әйелдер мерекесіне арналған алғашқы көрсетілімнің қонақтары Жазира мен Жанболат, жастардың сүйікті әншісі Алмас Кішкенбаев. Олар ән айтып қана қоймай, Тұрсынбектің қағытпа сұрақтарына жауап беріп, мақал-мәтел сайысына түседі. Мұнда әзілмен қатар, ән мен би де бар.
-Сіздермен КТК арнасы және мен – Тұрсынбек…
Әрбір көрсетілім жеке-жеке тақырыптарға арналады. «Махаббат бекетінде» көременнің есінде қалған балғын Баян мен бүгінгі танымал продюссер Есентаеваның айырмашылығы қандай? Ал, спортшыларымыз бұл жолы боз кілемді сахнамен алмастырады.
— «Қазақстан Барысының» аң алғашқы барыс атағына ие болған – Ұлан Рысқұлов.
«КТК-да Қабатов» шоуының сахналық декорациясы да ерекше. Кеш қонақтары кейінге шегініп, бүгінгі жұлдыздарды көне экраннан көре алады.
Тұрсынбек Қабатов:
–Сахнаны безендірудің өзінде бұрынғы телевизор мен қазіргі телевизор белгіленеді. Бұрынғы біздің аналарымыз қандай болды, қазір қандаймыз деген сияқты. Жалпы бағыт осы. Экран алдында отырған көрерменге бәрін әзілмен жеткізсем деген ойдамын.
Жексенбінің кешінде дүйсенбіде күтіп тұрған ауыр жұмыстарды ойлап көңіліңіз құлазыса, КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз. Мереке сайын көпшілікке күлкі сыйлап келген Қабатов енді әр аптаның аяғында сіздермен бірге.