КТК-да Қабатов! - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК-да Қабатов!

КТК-да Қабатов!

Қабатовтың қалжыңдары КТК-да. Ән мен күй, сахналандырылған көрініс қатар жүретін жексенбілік бағдарламада танымал әртістердің интеллектуалық деңгейін елдегі бас әзілкеш өзі тексереді. Үнемі сахнада көпшіліктің қошеметіне ие болып жүрген әншілеріміз тосыннан берілген тапсырмаларды қалай орындайтынын арнамыздағы жаңа шоудан тамашалай аласыздар. 

  • 7 Наурыз 2014
  • 202
Фото - Caravan.kz


Әйелдердің халықаралық мерекесінде шымылдығы түрілгелі тұрған «КТК-да Қабатов» жобасы ерекше тосынсый дайындауда. Тек әзілге құрылған шоуда жұлдыздарымыз суретке қарап, қайсы әнге арналған карикатура екенін табуы тиіс. Бұған дейін отандық арналарда мақалды жалғастыру ойыны өтсе, Тұрсынбектің қонақтары сөз мәйегін суретке қарап табуы тиіс. Сонымен қатар, қазақтың халық әндерін өзге тілдерде кім шебер орындай алатынын білгіңіз келсе, жексенбі күні кешкі сағат 19:45-те КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз.