Ктк-да Қабатов! - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ктк-да Қабатов!

Ктк-да Қабатов!

«КТК-да Қабатов» шоуының алғашқы шығарылымы арулар мерекесіне арналады. «Заманға сай асаба» атанған Тұрсынбек апта бойы ауыр жұмыстан шаршаған көрермендерге күлкі сыйламақ. Әзілмен өріліп, ән-бимен көмкерілген жоба жексенбінің кешінде эфирге шығады.

  • 8 Наурыз 2014
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Әзіл әлемі» театрының актері Қанат Әлжаппаров әріптесінің бағдарламасында режиссердің рөлін ойнайды. Ал, әмбебап Тұрсынбек тақырыпқа байланысты монолог оқып қана қоймай, әйгілі әншілерге пародия жасайды. «Өмір – театр» айдарында «Қорқыт» КВН командасының жігіттері әншілердің кез келген қиындықтан қалай шығатынын сынап көрмек. Көктеммен бірге келетін арулар мерекесін Тұрсынбек Қабатовпен бірге қарсы алыңыздар. Жексенбі,19-45 КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз.


Тұрсынбек Қабатов:

– Барша аналарымызды, аруларымызды келе жетқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер!