"Күйеу табаққа тоқпан жілікті, ал бас табаққа төс салып жібергенім бар" - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеу табаққа тоқпан жілікті, ал бас табаққа төс салып жібергенім бар" - Ләйлә Сұлтанқызы

"Күйеу табаққа тоқпан жілікті, ал бас табаққа төс салып жібергенім бар" - Ләйлә Сұлтанқызы

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы алғаш келін болып түскен кездегі қателіктерін есіне алды.

  • 14 Желтоқсан 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында былай деп жазды:

"Менің артымдағы әйнекте сүрленген ет айналып тұр, қараңыздаршы. Бұл еттер алғаш келін боп түскендегі бір қателігімді еске салды, бір ұялып, бір күліп, ностальгия болды.
Не болды дейсіздер ме?! Қазір соғым сойылып, әр шаңырақ соғым басына шақырып, мәре-сәре боп жатқан шығар… Мен алғаш келін боп түскен жылдары да соғым басына ауылдың сыйлы қонақтарын шақырғанбыз. Оңды-солын айыра алмайтын жас болмасам да жаңа түскен келінмін енді. Содан табақ тартар кезде күйеу табаққа тоқпан жілікті, ал бас табаққа төс салып жібергенім бар. Солай кәделі қонақ алдында от души бір қызарып алған едім. Қазіргі келіндер, молодец, тісқаққан ғой…малдың да, басқасының да".

Соңғы жаңалықтар