"Күйеуіме өзім іздеп тоқал алып бердім. Ол ұл туып берді" - Майра Ілиясова (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуіме өзім іздеп тоқал алып бердім. Ол ұл туып берді" - Майра Ілиясова (ВИДЕО)

"Күйеуіме өзім іздеп тоқал алып бердім. Ол ұл туып берді" - Майра Ілиясова (ВИДЕО)

Елімізге танымал әнші, продюсер Майра Ілиясова өз еркімен жолдасына тоқал алып бергенін жасырмай баяндап берді.

  • 25 Қазан 2021
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасына келіп сұхбат берді,-деп жазды Caravan.kz порталы.

Әншінің айтуынша, күйеуіне тоқал алып беру туралы өзі ұсыныс жасаған көрінеді.

"Мен Бақытжанға айттым. Сен ұл жақсы көресің ғой. Саған тоқал іздеп тауып, алып берейін ол ұл тауып берсін. Мен үлкен үйде бәйбіше болып-ақ отырайын. Тоғжанға (қызы — ред) бауыр керек деп үгіттедім. Рұқсатымды бердім дедім. Ол көнбеді содан бірге тұрамыз жарайды деп алдадым амал жоқ. Бірге отырамыз демесем көнбеуші еді. 
Содан бір күні туған әпкемнің қызына айттым, сенде бойдақ жақсы құрбыларың бар ма, таныстыршы деп.Ол бар деді, біреуінің аты Майгүл, біреуі Райгүл деді.
Бір күні келді жолдасым Майра мен бір қызбен таныстым саған ұқсайды деп. Мен оның бәрін біліп тұрмын ғой енді. Бірақ ештеңеден хабары жоқ адам сияқты сөйлесе бердім. Сонымен Бақытжанды таныстырып өзін сыйлайтын, жақсы ақкөңіл Майгүл деген қызға үйлендірдік. Ол ұл туып берді. Ұлымыз қазір 10 жасқа келіп қалды",- деп ағынан жарылды.

ВИДЕО мына сілтемед
е:   https://youtu.be/CEHTgyAZkY0