Қайғылы оқиға қаладағы көпқабатты үйлер шоғырланған аудандардың бірінде орын алған. Суицидке барар алдында марқұм әйел өз күйеуімен бір шөлмекті бөліп ішкені де анықталып отыр. Түсініктеме берген жігіт жарының осындай әрекет арқылы махаббатын білдіргісі келгенін айтуда. Азаматтық некеде болған қос ғашық көптен бері бірге тұрып, шатырда ішімдіктен ұрттауды әдетке айналдырыпты. Оқыс оқиға болған күні де екеуі 9 қабатты үйдің төбесінде отырған.