Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Видео Инстаграм желісінің dubsmash_kaz тобында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Сөз алған күйеужігіт қалыңдығына президентке сәлем салғызады. Қонақтар оны қолд?

  • 15 Наурыз 2017
  • 1247
Фото - Caravan.kz

Сөз алған күйеужігіт қалыңдығына президентке сәлем салғызады. Қонақтар оны қолдай түсіп, қошемет білдіреді.

“Барлықтарыңызға рахмет. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөзі бар ғой “басшыларыңа бағыныңдар” деген. Сол себепті сіздердің қошеметтеріңізбен сіз бен біздің жанашырымыз, қазақ елінің жанашыры, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қалыңдығым арнайы сәлем салса деп едім”, – дейді күйеужігіт.


Осыдан соң қалыңдығы бірден иіліп сәлем береді.

Желі қолданушыларының біразы бұл көрініске оң бағасын берсе, енді бірі мұның жағымпаздық екенін айтып қалды. Кейбірі сол жерде өзі жоқ адамға не себепті сәлем салып тұрғанын түсінбеді. Енді бірі қалыңдықтың сәлемді дұрыс салмағанын айтып сынады.

Соңғы жаңалықтар