Күл болған миллиондар - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күл болған миллиондар

Күл болған миллиондар

Алматыда бүгін аса ірі көлемде есірткінің көзі жойылды. Бұл Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің соңғы жарты жылда тәркілеген героиннің бір бөлігі.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 217
Фото - Caravan.kz


Есірткі заттарын жоюдың жалғыз жолы — өртеу.Бүгін Алматы машина жасау зауытының арнайы пешінде 234 келі героин отқа тасталды. Қарулы күзет, қаптаған қара джиптер. Құдды бір голливуд фильміндегідей бәрі. Жалпы бүгін көзі жойылған заңсыз тауардың қара базардағы құны 1 жарым млрд теңге шамасында екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері тек Алматы қаласы бойынша осындай халықаралық есірткі трафигінің 7 каналын анықтаған. Есірткі бизнесіне қарсы күрес соңғы кезде тіпті қарқын алғанымен, одан трафик тыйылмай тұр.