Күніне 1,9 долларды місе тұтатындар кедей санатына жатқызылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күніне 1,9 долларды місе тұтатындар кедей санатына жатқызылады

Күніне 1,9 долларды місе тұтатындар кедей санатына жатқызылады

Соңғы 20 жылда алғаш рет әлемде кедей адамдар саны артқан.

  • 8 Қазан 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус пандемиясының салдарынан биыл әлемде кедей адамдар саны 100 млн-ға артқан, келер жылы көрсеткіш тағы 50 миллионға артады деп күтілуде. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк жасады.

Күніне 1,9 доллардан кем тұтынатын адамдар кедей санатына жатқызылады. Сарапшылардың пікірінше, 2020 әлемнің 9,1-9,4 пайыз халқы осындай деңгейге түседі. Егер пандемия болмаған жағдайда бұл көрсеткіш 7,9 пайыз деңгейінде болар еді, — деп болжады ДЖБ.

Кедейлікті азайту үшін мемлекеттер экономиканы пандемия жағдайына бейімдеулері қажет. ДЖБ болжамы бойынша, кедейлік шегіндегілердің 82 пайызы табысы орташа елдерде тұрады.