"Курсты жалғыз бұлар ғана емес, бәрі сатады": Танымал блогер сотталып жатқан Жанабыловтарға қолдау көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Курсты жалғыз бұлар ғана емес, бәрі сатады": Танымал блогер сотталып жатқан Жанабыловтарға қолдау көрсетті

"Курсты жалғыз бұлар ғана емес, бәрі сатады": Танымал блогер сотталып жатқан Жанабыловтарға қолдау көрсетті

Танымал блогер, көпшілікке "Супер папа Серік" атты есімімен таныс Серік Тілеулесов Жанәбіловтерге қолдау көрсетіп, курсты жалғыз олардың сатпайтынын ескертті.

  • 24 Сәуiр
  • 4
Фото: Instagram/superpapa_serik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер өз пікірімен желідегі парақшасында бөлісті.

«Шынымды айтсам, олардың қазір қаншалықты қиын жағдайда екенін елестету де ауыр… Осындай сәттерде ең бастысы — адам болып қалу.

Иә, қателік болуы мүмкін. Бірақ шынын айтайық — әрқайсымыз қателесуге құқылымыз.
Ешқайсымыз бір нәрсені білмей қалудан, түсінбей қалудан немесе алдын ала болжай алмаудан сақтандырылмағанбыз.

Неге қазір барлық соққыны тек Ерболат пен Эльмира көтеруі керек? Өйткені мұндай курстарды кез келген блогер ұйымдастырып жүрген жоқ па… Жеке өзім олармен жақын таныс болмасам да, әр кездескен сайын олардың мейірімді, ашық, шынайы адамдар екенін көрдім.

Және мен 100% сенімдімін: егер қателік болса — ол ешқандай жаман ниеттен емес, білмегендіктен болған. Жаза берілуі — мүмкін. Айыппұл да — мүмкін. Бірақ біреудің тағдырын талқандап, түрмеге жабу дұрыс па? Әсіресе қазір, Соманың анасының қазасынан кейін онсыз да үлкен қайғыны бастан кешіп жатқанын ескерсек…

Ұмытпайық — жаңалықтардың артында тірі адамдар бар. Сезімі бар, отбасы бар, қайғысы бар.Әркімнің қателесуге құқығы бар. Ал бізде таңдау бар — жаншу ма, әлде қолдау көрсету ме.

Мен қолдауды таңдаймын. Сіздерді де соған шақырамын», — деп жазды ол.