Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды

Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды

Суық ауа массалары солтүстік теңіздерден Қазақстан аумағының солтүстік жартысына қарай жылжып келеді. 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Қазақстанда қоңыр күз бола ма?

  • 17 Қыркүйек 2021
  • 574
Фото - Caravan.kz

"Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, -деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанның солтүстігіне суық ауа массаларының келуімен түнде 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, ал күндіз ауа +8+ 12 градусқа дейін жылынады. Осы декаданың соңында оңтүстік аймақтарда температура сәл төмендейді: түнде +15+20 градустан + 5+15 градусқа дейін, күндіз +27+ 35 градустан +22+27-ге дейін.

"Үшінші онкүндіктің басында Иран аймақтарынан жылы ауа массалары шығарылған кезде, республика аумағында температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр. Алдымен, елдің батыс аймақтары жыли бастайды, мұнда күндіз ауа температурасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылиды. Солтүстік аймақтарда ауа +17+25 градусқа дейін, орталықта және шығыс өңірлерде +20+28 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде +28+33 градусқа дейін көтеріледі", — деді синоптиктер.

Метеорологтардың болжамынша, қоңыр күз қазанның екінші онкүндігінде де жылы күндерін сақтап тұрады.


"Алайда түнде температура төмен болады: батыста түнде +5+13 градус болады, күндіз ауа +23+28 градусқа дейін жылынады, солтүстік өңірлерде түнде +2+9 градус, күндіз +15+23 градус, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15 градус, күндіз +22+30 градус болады", — деді "Қазгидромет" өкілдері.

Қоңыр күз деп осы мезгілдің ұзақ, құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа райын айтады.

Соңғы жаңалықтар