"Күнде таңертең Бишімбаевтың ісіне шұқшитып қоюды надандық деп есептеймін" - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күнде таңертең Бишімбаевтың ісіне шұқшитып қоюды надандық деп есептеймін" - журналист

"Күнде таңертең Бишімбаевтың ісіне шұқшитып қоюды надандық деп есептеймін" - журналист

Журналист Абай Балажан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін тікелей эфирден көрсетуді "надандық" деді.

  • 11 Сәуiр
  • 54
Orda.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазіргі тілмен айтсақ, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған отбасылық драма. Діндарлардың тілімен айтсақ, шайтан араласқан тірлік. Ал, біз «е, Құдай, өзімді, отбасымды осындай абыройсыздықтан сақта!» деп іштей дұға жасаудың орнына бүкіл қоғам болып, Қуандық пен Салтанаттың драмасын, дұрысы трагедиясын талқылап кеттік. Бейне бір бүкіл Қазақстан сериал көріп отырғандай…

Екі әулеттің трагедиясынан Тенгриньюс рейтинг істеп, бір жырғап қалды. Ал, осыған дейін де сан түрлі сектаға бөлініп, әре-дәресі шыққан қазақ деген халық енді дәстүршілдер мен батысшылдарға бөліне бастады. Егер елге жаны ашитын, қазақтың бірлігін ойлайтын билік болса, мынадай «тікелей эфирді» бірден жаптырып тастар еді.

Себебі Бишімбаев әйелін ұрып өлтіріп қойған бірінші адам, оның ішінде бірінші қазақ емес. Бишімбаевқа дейін де әйелін жазым қылған адамдар болған. Алайда, мұндай істі аталарымыз «Мал құлағы саңырау» деп көпке жаймауға тырысқан. Мұндай жаман нәрсені ести берсе, оған адамның көзі де, құлағы да үйреніп, жамандық белең алып кетеді деп қауіптенген. Және уақыт аталарымыздың бұл әрекетінің дұрыстығын әбден дәлелдеп берді. Қазір кеше бір жамандық естісең, бүгін одан зор жамандық естисің. Ертең одан да қорқынышты бірнәрсе естуің мүмкін.

Мәселен, демократиясы бүкіл әлемге үлгі делінетін Америкада бір малғұн мектепке басып кіреді де, бейкүнә балаларға оқ жаудырады. Ол айуандықты Америка бүкіл әлемге көрсетеді. Себебі, демократия қағидасы бойынша адамдардан ешнәрсе жасырып қалуға болмайды екен. Енді өзіңіз ой жіберіп қараңыз, осы «демократиялық құндылықтың» арқасында әлгіндей жамандық сап тиылды ма? Жоқ, қайта өршіп кетті.

Бір малғұн кеше ана штатта оқушыларды жер жастандырса, бүгін мына штаттың малғұны қаруға жүгінді. Бұл малғұндық Америкамен шектелген жоқ, Еуропаға, одан Ресейге өтті. Демек, демократия деген жамандықты елге жаю емес! Осы себептен де қазақстандықтарды күнде таңертең Бишімбаевтың ісіне шұқшитып қоюды берісі надандық, әрісі дұшпандық деп есептеймін!», — деп жазды журналист.

Соңғы жаңалықтар