Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, оған кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауға құқығы бар азаматтар қатысады.
— Сайлау Арал ауданының Жақсықылыш кенті және Ақирек ауылдық округінде, Қазалы ауданының Бозкөл, Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев, Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов, Шиелі ауданының Тартоғай және Сұлутөбе елді мекендерінде өтеді. 8450 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 11 учаске құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының 65 мүшесі қызмет атқармақ, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. 11 шілде – тыныштық күні, 12 шілде – дауыс беру күні.