Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттердің есірткі тұтыну жайына үлгілік тестілеу жүргізіледі
Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттердің есірткі тұтыну жайына үлгілік тестілеу жүргізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетіне сілтеме жасап. |
"Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде сағат 10.00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитеті "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатымен және "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қорымен бірлесіп, "Тестілеу - алға жасаған бір қадам" атты акция өткізуді жоспарлауда", -делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін