Жарияланды: 590

Ләйлә Сұлтанқызы «Әйел бақыты» туралы өз пікірін айтты

Ләйлә Сұлтанқызы «Әйел бақыты» туралы өз пікірін айтты

«Балапан» телеарнасының директоры, «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы отбасылық pandaland.kz сайтына сұхбат берген.

Сұхбатында ол әйел бақыты туралы өз пікірмен бөлісті. 

«Отбасының ұйытқысы, ер-азаматының ар-намысы, перзентінің ардақтысы болу - әйел бақыты. Бақыт айналаңызда оны алыстан іздемеңіз, тек бақытты болуға тырысыңыз. Ол үшін іздену, еңбек ету, талпыну керек. Өмірді, айналаңдағы адамдарды жақсы көре білуің керек.

Аяулы жарым, екі кішкентай бүлдіршінім бар. Аттары Сағадат және Сардар. Бос уақыттарының барлығын пайдалы өткізгенін қатты қадағалаймын. Бала отбасынын қандай тәрбие алса, дәл сондай болып жетіледі. Сондықтан, баламыздың тәрбиесі жақсы болғанын қаласақ, бірінші өзімізді тәрбиелеу керек. Жалпы, қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегеннің бәрі де осы біздің салтымыздан. Мен балаларыма үнемі ертегілер оқытып мейлінше қазақи дәстүрге сіңдіріп өсіргім келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін