Жарияланды: 370

Лаңкестер Кабулдегі Intercontinental қонақүйіне шабуыл жасады

Ауғанстанның елордасы Кабулде төтенше оқиға орын алды. Содырлар Intercontinental қонақүйіне шабуыл жасады,

деп хабарлайы Associated Press агенттігі. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қонақүйге 4 жанкешті басып кіріп, өздерін жарып жіберген. Ғимараттың шатырына шығып алған тағы бірнеше содыр төбеден адамдарға автоматтан оқ жаудырған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, шабуылдың салдарынан 7 адам қаза болып, тағы 8 адам зардап шеккен. Полиция мен содырлардың арасындағы атыс-шабыс бірнеше сағатқа созылды. Қазір операция аяқталды, барлық содырдың көзі жойылды. Ауған күштері ғимараттың ішіндегі содырлардың көзін жойса, НАТО тікұшақтары шатырдағы лаңкестерді атып өлтірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін