Жарияланды: 490

Латвия 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

Латвия 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысудан бас тартуы ықтимал, себебі қаражат қол байлау болып отыр.

Латвия олимпиадалық комитетінің президенті Алдонс Врублевскис LNT телеарнасының эфирінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РБК агенттігі. Оның айтуынша, медаль алуға мүмкіндіктері бар 5-10 ең үздік спортшыны ғана аттандыру туралы шешім қабылдануы мүмкін. «2012 жылдың бюджетін дайындау кезінде, үкімет мемлекеттік кәсіпорындарға спортқа ақша бөлуге тыйым салу мәселесін көтеріп отыр. Бұл дегеніміз, Лондон Олимпиадасына дайындықты қаржыландыру тең жартыға қысқарады деген сөз. Егер лайықты дайындала алмасақ, онда Лондонға барудың қажеті де жоқ екенін біз жақсы түсінеміз», - дейді А.Врублевскис.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін