Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс
Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біз Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде де және сіздің ел ДСҰ-ына мүшелікке өткенде де қолдайтын боламыз", -деді В. Затлерс.
"Дүниежүзінде экономикалық рецессия белгілері байқалып отырған қазіргі кезде жақсы қарым-қатынастағы серіктестермен арадағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру қажет", -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін