Латын әліпбиіне көшудің кестесін кім және қашан дайындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латын әліпбиіне көшудің кестесін кім және қашан дайындайды

Латын әліпбиіне көшудің кестесін кім және қашан дайындайды

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 348
Фото - Caravan.kz

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшу кестесін әзірлеу мен бекітуді көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2018 жылдың сәуір айына дейін дайын болуы тиіс.

ҚР Үкіметінің тиісті қаулысында бұл құжат Мемлекет басшысының қарауында болатыны қарастырылған.

Білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесін әзірлеу мен бекітуге Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, өңір әкімдіктері, Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері жауапты. Содан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы жариялануы тиіс.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарынан Елбасының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты жобасы әзірленген болатын, оны жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі осы жоспарды дайындады.


Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні Ақорда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған. Онда 2018 жылы Қазақстан жүзеге асыратын он негізгі міндет туралы айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар