Жарияланды: 540

Ле Буржеде «ҚазСат-3» жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойылады

Ле Буржеде «ҚазСат-3»  жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойылады

Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы Ле Бурже авиағарыш салонына қатысу үшін Парижге келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін қазақстандық делегация көрменің ашылу рәсіміне қатысады, әр елден келген әріптестерімен бірқатар келіссөздер өткізеді. Қазғарыш мамандары атап айтқанда, украиналық әріптестерімен кездесіп, ғылыми мақсаттағы спутник ұшыру жөніндегі жобаны жүзеге асырудың барысын талқылайды. Ғарыш саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығына да айрықша назар аударылады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын Қазақстан мен Франция жоғары мемлекеттік деңгейде ғарыш саласын игеру бағытында стратегиялық серіктестік туралы келісім жасаған болатын. Бүгінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы мен француздың EADS Astrium компаниясы екі үлкен ғарыш жобасымен айналысуда. Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевтың атап көрсетуінше, Ле Буржеде осы аралықта атқарылған бірлескен жұмыстың кейбір қорытындылары шығарылмақ. Сондай-ақ, көрменің алғашқы күні Қазғарыш пен Роскосмос агенттіктері спутниктік жүйе саласындағы жаңа маңызды бір қадам жасайды деп күтілуде. Белгілі болғандай, ресейлік «Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» компаниясы мен қазақстандық республикалық Ғарыш байланысы орталығы «Қазсат-3» спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін