Лейкозға шалдыққан 6 жасар қызға қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лейкозға шалдыққан  6 жасар қызға қаржылай көмек қажет

Лейкозға шалдыққан 6 жасар қызға қаржылай көмек қажет

6 жасар қарағандылық Сабина Муртиеваға шұғыл көмек қажет. Лейкоздың асқынған түрі немесе қанның қатерлі ауруына шалдыққан қыздың  өміріне Стамбулдық дәрігерлер араша түспек. 

  • 9 Мамыр 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Осыдан жарты жыл бұрын ғана асыр салып жүрген Сабина төсекке таңылып, жаратқаннан жанына батқан дерттің шипасын сұрауда. Жеткіншектің ағзасынан қатерлі қан ауруы анықталғасын оны түрік ағайындар қарауға алыпты. Өйткені баланың сауығып кететініне отандық медицина 100 пайыздық кепілдік бере алмаған. Осында өмір мен өлім арасындағы халде жеткен Сабинаның 2 курстық емнен кейін беті бері қарай бастапты. Енді  алдағы күрделі операцияда оның жілік майын ауыстырмақшы. Ата анасы болса, ем-дом мен жол шығынына кететін 180 мың долларды іздеп қазір қайырымдылық қорлары мен жомарт жандардан көмек сұрауда.


Әділ Муртиев С. Муртиеваның әкесі:

-Бұлай көмекке зәру болармын деп ойламаған едім. Ешкімнің де басына тілемеймін баланың ауырғанын. Қолда бардың қаражат таусылған соң, не істерімізді білмейміз. Қайырымды жандар барына сенемін. Қызым да мен де күні түні Аллаға дұға етеміз.

 

Байланыс телефоны: 8 702-836-43-63. 8-777-299-11-88. 8-700- 152-16-96