Либерияда Эбола вирусына қарсы жасалған дәріні тестілеу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Либерияда Эбола вирусына қарсы жасалған дәріні тестілеу басталды

Либерияда Эбола вирусына қарсы жасалған дәріні тестілеу басталды

Монровиядағы емделуші-еріктілерге вирусқа қарсы Brincidofovir дәрілік заттарын тестілеу жүргізілуде.  

  • 8 Қаңтар 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Дәрі «Шекарасыз дәрігерлер» деп аталатын медициналық орталықта сыннан өтеді. Эбола вирусына қарсы дәрі жасау жобасын басқаратын Оксфорд университетінің мамандары алғашқы сынақ нәтижелері алдағы айларда анықталатынын айтты, деп жазады хабар.кз.

Ал желтоқсан айында Гвинеяда осыған ұқсас Favipiravir препаратын тестілеу басталған болатын. Қазіргі уақытта Эбола эпидемиясынан 8 мыңнан астам адам қаза тапқан. Қайтыс болғандардың басым көп бөлігі Либерия, Гвинея және Сьерра-Леонеде өмір сүрген.