Лицензия беруде "бір терезе" принципі тек Алматыда ғана жұмыс істеуде - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лицензия беруде "бір терезе" принципі тек Алматыда ғана жұмыс істеуде - зерттеу

Лицензия беруде "бір терезе" принципі тек Алматыда ғана жұмыс істеуде - зерттеу

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Лицензия беруде "бір терезе" принципі тек Алматыда ғана жұмыс істеуде. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Шiлде 2008
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Былтыр «Лицензия беру туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, лицензия беруде «бір терезе» принципі енгізіліп, кәсіпкерлерлі қуантқаны бар», — деді М. Палташева.

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі USAID жобасының қолдауымен Қазақстанның жеті ірі қаласы — Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Петропавловск мен Рудныйда «Лицензия беру туралы» заңының орындалуына мониторинг жүргізген. «Біз биылғы зерттеулерді Қазақстанда осы өзгерістер мен мен толықтырулар қалай орындалып жатқанын, атап айтсақ, «бір терезе» принципінің енгізілуін зерттедік», -деді ол.

«Әсіресе кәсіпкерлер жиі алатын лицензияларға талдау жасалды. Біз жасаған тұжырымды айтатын болсам, лицензия беруде «бір терезе» принципі тек Алматыда ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Яғни, Қазақстанның басқа өңірлерінде ол принцип мүлдем енгізілмеген», — деді М. Палташева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті