Лисковскіде үй тонаушы 24 килолық екі гір алып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лисковскіде үй тонаушы 24 килолық екі гір алып кеткен

Лисковскіде үй тонаушы 24 килолық екі гір алып кеткен

Лисаковскіде ұрлық жасады деген күдік келтірілген 24 жастағы жігіт ұсталды.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz


Ол пәтер иесі ұзақ сапарға кеткен бөтен біреудің үйіне кірген, — делінген сейсенбіде облыстық полициядан таралған ақпаратта.
Бағалы ештеңе таппаған, бірақ тоңазытқышта тұрған тамақтарды жеп, кетіп бара жатып әрқайсысының салмағы 24 килолық екі гірді алып кеткен.
Пәтер есігінің бұзылғандығын көрші байқап, учаскелік полицияға хабар берген.
Күдікті жігіт “ізін суытпастан” ұсталды, гірлер тәркіленді.