Ливия химиялық қаруды жойғанын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливия химиялық қаруды жойғанын жариялады

Ливия химиялық қаруды жойғанын жариялады

Ливия Муаммар Каддафи кезінен қалған барлық деңгейдегі химиялық қару-жарақтың көзін жойды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мұхаммед Әбделәзиз мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

  • 5 Ақпан 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz


«Ливия адамдардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қатер төндіретін, пайдалануға жарайтын барлық химиялық қару-жарақтан құтылды», — деді ол.

Бұған қоса, Әбделәзиз бұл жетістік аймақтық және халықаралық деңгейде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға септігін тигізетініне сенім білдірді.