Лондонда "Каспий теңізі және Орталық Азия : тұрақтылық және даму" тақырыбында конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда "Каспий теңізі және Орталық Азия : тұрақтылық және даму" тақырыбында конференция өтуде

Лондонда "Каспий теңізі және Орталық Азия : тұрақтылық және даму" тақырыбында конференция өтуде

Ұлыбританияда "Каспий теңізі және Орталық Азия : тұрақтылық және даму" тақырыбында конференция өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ СІМ-нің хабарламасынан мәлім болды.

  • 14 Қазан 2003
  • 690
Фото - Caravan.kz

Бұл бас қосуды Батыс Суссекс графтығының «Уилтон-парк» конференция орталығы мен Кембридж университетінің «Евразия» бағдарламасы ұйымдастырып отыр.

Конференцияға қатысушы Ресейлік өкілдерді РФ СІМ-нің орынбасары, РФ президентінің Каспий теңізінің мәселесі жөніндегі арнаулы өкілі Виктор Калюжный басқаруда. Бағдарлама бойынша, ол Кембриджде 17-қазан, бейсенбіде сөз сөйлейді деп күтілуде. Оның баяндамасы Каспий теңізіндегі мемлекет ретінде Ресейдің геосаяси ахуалын сараптауға арналады.
Сондай-ақ, конференцияда Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Билл Раммел, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ян Кубиш, Қырғызстан вице-премьері Джоомарт Оторбаев, Иран сыртқы істер министрінің орынбасары , Каспий теңізіне қатысты мәселелер жөніндегі арнаулы өкіл Мехди Сафари, Әзербайжан СІМ-нің орынбасары, Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі келіссөздер үшін жауапты Халаф Халафов, сондай-ақ, Каспий төңірегі мен басқа да елдердің ғалымдары мен сарапшылары баяндама жасайды.
Баяндамашылар өз елдерінің атынан Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты келіссөздер барысына, аймақтағы мұнай өндіру және балық аулау келешегіне, қоршаған ортаны қорғауға, Каспий аймағы мен Орталық Азияның саяси және экономикалық болашағына баға береді.
Сонымен бірге, конференция барысында саяси және экономикалық біртұтас аймақ ретінде Еуразияның даму мәселесін; Орталық Азия елдерінің ішкі тұрақтылық, басқару және экономикалық даму мәселесіне қатысты пайымы; аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты мәселелер; мұнай және газ қорын барлау және өндіруді дамыту тәрізді мәселелер сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар