Жарияланды: 390

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1502,5 болды.

Жұмадағы кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $4,5-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1052,32 (-0,16), британ фунтымен есептегенде 943,071 (+5,708)болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін