Жарияланды: 390

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1592,5 болды.

Сәрсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $13,5-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1119,04(-2,01), британ фунтымен есептегенде 987,536 (-0,822) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін