Жарияланды: 370

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1537 болды.

Жұмадағы кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $0,5-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1079,66 (+4,86), британ фунтымен есептегенде 950,878 (+1,276) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін