Лос-Анджелесте үздік актерлер «Алтын глобус» сыйлығымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лос-Анджелесте үздік актерлер «Алтын глобус» сыйлығымен марапатталды

Лос-Анджелесте үздік актерлер «Алтын глобус» сыйлығымен марапатталды

 Лос-Анджелесте «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ТАСС.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 726
Фото - Caravan.kz

«Үздік телевизиялық шағын сериал немесе фильм» аталымында «Фарго» (Fargo) туындысы «Алтын глобусқа» ие болды. Телевизиялық шағын сериал немесе фильмнің үздік актері болып Мартин Фриман («Фарго») аталды.

Голливуд жанында аккредиттелген шетелдік тілшілер қауымдастығының сыйлығы — «Алтын глобусты» «Балдәурен» (Boyhood) лентасындағы жұмысы үшін  Ричард Линклейтер «Үздік режиссер» аталымында алды.

Алехандро Гонсалес Иньярриту, Армандо Бо, Николас Джиакобоне және Александр Динеларис «Бердмэн» (Birdman) лентасындағы жұмысы үшін «Үздік сценарий» аталымында үздік деп танылды.

Телевизиялық комедияның үздік актері болып «Айқындылық» (Transparent) телехикаясындағы рөлі үшін Джеффри Тэмбор танылды.

Уэс Андерсонның «Гранд Будапешт» отелі» фильмі Голливуд жанында аккредиттелген шетелдік тілшілер қауымдастығының сыйлығы — «Алтын глобусты» «Үздік фильм — комедия немесе мюзикл» аталымында алды.

Актер Джонатан Кимбл Симмонс Голливуд жанында аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығының «Алтын глобус» сыйлығын иеленген бірінші адам болды. Ол «Сезім кернеуі» (Whiplash) драмалық фильміндегі екінші пландағы үздік актер болып танылды.

Сериалдағы екінші реттегі үздік актриса болып Джоан Фроггатт («Даунтон» аббаттығы», Downton Abbey) танылды.

«Көңілдестер» (The Affairs) сериалы «Үздік телевизиялық драма» аталымына лайық деп танылды.

«Драмалық сериалдың үздік актері» болып Кевин Спейси аталды («Картадан құрастырылған үй» (House of Cards) фильмі).

Телевизиялық шағын сериал немесе фильмнің үздік актрисасы «Ибалы әйел» (The Honourable Women) сериалында рөлді сомдаған Мэгги Джилленхол болды.

Актриса Эми Адамс «Комедия немесе мюзиклдағы үздік актриса» аталымында жеңіске жетті («Қарақат көздер» (Big Eyes)). Майкл Китон сыйлықты «Комедия немесе мюзиклдағы үздік актер» аталымы бойынша иеленді.

Айта кетейік, 72-ші «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімі Лос-Анджелестегі «Беверли Хилтон» қонақүйінде өтті.

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Мэттью Макконахи

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Анна Фэрис, Крис Пратт

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Риз Уизерспун

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Софи Хантер, Бенедикт Камбербэтч

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Джулианна Мур

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Джейк Джилленхол

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Дженифер Лопес

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке



Хайди Клум

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Кира Найтли

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Сиенна Миллер

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Хэлен Миррен

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Майкл Китон

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Розамунд Пайк

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Эми Адамс

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Эллисон Уильямс

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Итан Хоук

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Джессика Честейн

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Lorde

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Педро Паскаль

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Эмили Блант

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Эдди Редмэйн

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Лана Дель Рей

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Крисси Тейген, Джон Ледженд

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Кончита Вурст

Золотой глобус 2015: Звезды на красной дорожке

Источник:http://www.buro247.kz/culture/cinema/zolotoy-globus-2015-zvezdy-na-krasnoy-dorozhke.html