Лукашенко ЕАЭО мемлекет басшыларына үндеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лукашенко ЕАЭО мемлекет басшыларына үндеу жариялады

Лукашенко ЕАЭО мемлекет басшыларына үндеу жариялады

 Беларусь мемлекетінің Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларына үндеу жариялады. Үндеуде 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен Еуразиялық экономикалық кеңесте төрағалығы басталды делінген.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz

Белтадан хабарлағандай, үндеуде Беларусь ЕАЭО-ны аймақтағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыратын маңызды интеграциялық бірлестік ретінде қарастыратыны атап айтылған. 

Беларусь төрағалығы тату көршілікті сақтауға, экономикалық әріптестікті дамытуға, одақтың төртжақты экономикалық еркіндігін алға жылжытуға ықпал етуді: тауар, қызмет, жұмыс күші және капитал айналымының еркіндігін көздейді.

Беларусь тарапы ЕАЭО құрылуының барлық кезеңдерінде интеграциялық бірлестіктің экономикалық іс-әрекеттерін шамасынша либерализациялау қажет екендігін ашып айтып отырды. «Біз қазір де ЕАЭО-ның түп қазығы тауар айналымындағы шектеулерді алып тастауда жатқандығын қайталап айтамыз», — делінген хабарламада.