"ЛУКОЙЛ" Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі жобаларды жүзеге асыруға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ЛУКОЙЛ" Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі жобаларды жүзеге асыруға кірісті

"ЛУКОЙЛ" Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі жобаларды жүзеге асыруға кірісті

Ресейдің "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі "Достық " блогындағы ("Қазақстан") мұнай қорын барлау және оны игеру жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін, 13-қазанда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сағатқа жуық созылған жүздесуден кейін "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті Вагит Алекперов хабарлады.

  • 13 Қазан 2003
  • 530
Фото - Caravan.kz

«Таяудағы 2-2,5 айда біз ҚазақМұнайГазбен бірлесе отырып аталмыш блокқа қатысты келісім-шартын дайындаймыз дегенге сенеміз. Бұл келесімге сәйкес блоктың бір бөлігінде барлау және жобалау жұмыстары, ал екінші бір бөлігінде барлау жұмыстарының алғашқы кезеңі жүзеге асырылады». «Ахуал бірқалыпты өрбіген жағдайда алдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл келісім -шартына қол қойылады деген үмітіміз бар. Ал келесі жылы, бірегей бұрғылау қондырғысының қолда барлығы арқасында біз инвестицияларды, соның ішінде геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған тікелей инвестицияларды жүзеге асыра отырып, бірінші ұңғыны бұрғылауға әзірлеп үлгерер едік»,- деді В.Алекперов. «Қазіргі таңда бұл — біз үшін басымдық берілген жоба», деді ол.

«ЛУКОЙЛ» компаниясы президентінің түсініктемесіне жүгінсек, егер «Достық» блогында өнеркәсіптік мұнай қоры табылса, онда жобаға алдын-ала болжамдық баға бойынша 3 млрд. доллар көлемінде инвестиция салу туралы шешім қабылданады.
В.Алекперов сондай-ақ, «мұнай өндіруге жанама жобаларды да қарауға мүмкіндік
бар» екенін мәлімдеді. Атап айтсақ, алдағы уақытта компания «Қазақстан аумағында бөлшек сауданы қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттерді пәрмендендіру» мәселесін талқылайды. «»ЛУКОЙЛ» майлау материалдарымен қамтамасыз етуші ірі компания болғандықтан Қазақстандағы дилерлік желі аясын кеңейтуге назар аударамыз»,- деді В.Алекперов.
«ЛУКОЙЛ» компаниясы Қазақстандағы ең ірі ресейлік инвестор болып табылады. Соңғы 8 жылда компания Қазақстан экономикасына 1,5 млрд. доллар көлемінде инвестиция құйды. Қазіргі таңда «ЛУКОЙЛ» еліміз аумағында 7 мұнайгаз жобасын жүзеге асыруға, соның ішінде Теңіз және Қарашығанақ кеніштерін, сондай-ақ, Қызылорда облысындағы едәуір ірі Құмкөл кенішін игеруге атсалысуда.
2003-жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ның Қазақстандағы нысандарында мұнай өндіру көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 30 процентке артты. «Тұтастай алғанда, Қазақстан — шетелдік инвестицияларға толыққанды жағдай жасалған, саяси тұрақтылық орныққан, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан приоритетті аймақ ретінде сипатталады. Бұның барлығы біздің инвестициямыздың дұрыс бағытта жұмсалғандығын айғақтап, сенімді нығайтады»,- деді «ЛУКОЙЛ» президенті.