Әлеуметтік әріптестік аясындағы «Арай-2008» жобасы аясында жарияланған байқауға ағымдағы жылы 643 өтінім түскен, ал былтыр ондай өтінім саны 200 болыпты. 2008 жылы жалпы өтінімдерден 447 жоба іріктеуге жіберілді. «Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарның ең лайықты әрі экономикалық негізі бар бизнес-жобалары таңдалды», — деді И. Насыров.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылы пилотты жоба аясындағы байқауға 178 адам қатысқан. Комиссия 32 бизнес-жоспарды таңдаулы деп танып, гранттар бөлді. Компания бюджетті шектемей, енді облыстың барлық 5 ауданында да жобаларды жүзеге асырмақшы. «Арай-2008» бағдарламасына қатысушы әрбір адам өз бизнесі мен шығармашылық дарынын дамытуға 850 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті