Мәдина Сәдуақасова күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдина Сәдуақасова күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді

Мәдина Сәдуақасова күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді

Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Түркиядан алған пәтерін сатып жібергенін ашық айтты.

  • 26 Қаңтар 2022
  • 139
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Танымал жұлдызға айналып, атың аңыз болып қалу үшін жаныңды сайтанға сату керек пе?" Оқырманның бұл сауалына Мәдина: 

"Мен аңыз адам емеспін. Бірақ нағыз әртіс болу үшін ешкімге ештеңе сатудың қажеті жоқ. Тек өмірді, музыканы, сахнаны, көрерменді сүю керек", — деп жауап берді.

Әнші күйеуіне тоқал алып беруге қатысты пікір білдірді. 


"Сұрақтардың ішіндегі ең жәмән сұрақ. Аулақ, аулақ. Ондай пәле отбасымыздан аулақ болсын", — деп мәлімдеді ол. 

нер иесі өмірінің соңына дейін күйеуімен бірге болатынын жеткізді. 

Сондай-ақ, Сәдуақасова Түркиядан алған үйін сатып жібергенін хабарлады. Әнші Алматыдағы баспанасын да сатылымға шығарған.