Маймыл ферма қожайынынан кек қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маймыл ферма қожайынынан кек қайтарды

Маймыл ферма қожайынынан кек қайтарды

Тайвандағы Илан қаласында тауық фермасының қожайыны тауықтарға шашылған жемді маймыл қайта-қайта ұрлап маза бермеген соң,

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 2204
Фото - Caravan.kz


қораға арнайы тор орнатып оны жазаламақ болған. Оның бұл ісіне қарсы әрекет жасауға бел буған маймыл түнде фермаға кіріп, 30-ға таяу тауықтың мойнын бұрап өлтірген. Ферма қожасы әуелгіде бұл қастандықты адамдардан көрген. Бірақ көп уақыт өтпей, осындай оқиға тағы қайталанған. Әлгі маймыл араға бірнеше күн салып 20-ға таяу тауықты өлтіріп кеткен. Осы оқиғаның үстінен түскен фермер 5 мың долларға жуық шығынға ұшырағанын сол сәтте сезбеген де болар.