Майра Амантаева: Биылғы Жолдау ұстаздарға үлкен міндет жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майра Амантаева: Биылғы Жолдау ұстаздарға үлкен міндет жүктеді

Майра Амантаева: Биылғы Жолдау ұстаздарға үлкен міндет жүктеді

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы шеңберінде «Кәсіподақ: жаңару мен жаңғыру жолында» атты республикалық форумға қатысқан Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева осындай пікір айтты.

  • 25 Қаңтар 2018
  • 231
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 10 міндет айтылды. Соның 7-ші міндеті біздің білім саласының қызметкерлеріне арналды. Ал жалпы осы 10 міндеттің жүзеге асуының өзі біздің білім саласына, яғни мектептен бастап ЖОО-на дейін кадр дайындау, олардың білікті болуы, қазіргі заман талабына төтеп бере алатын маман дайындауға және солардың еңбегіне байланысты. Демек бұл жолғы Жолдау білім саласы қызметкерлеріне үлкен жүк, үлкен міндет жүктеп отыр», — дейді Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева.

Ол биылғы Жолдауды әсіресе ұстаздар қауымы қуанышпен қабылдағанын жеткізді.


«Жолдауда айтылған ұстаздар жалақысын көтеру мәселесін білім саласының қызметкерлері қуанышпен қарсы алды. Дегенмен ұстаз беделін арттыру үшін әлі де атқарылар жұмыс көп. Ал ұстаз мәртебесін жоғарыда отырғандар ғана емес, халық болып, ата-аналар болып, жергілікті атқарушы билік болып ұстаз беделін көтеруге ден қойса ғана білімнің сапасы көтерілетін болады», — дейді Майра Амантаева.

Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, министрліктер өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар