Павлодар облысы Ақтоғай ауданының халқы да мал жаятын жерімізден айырылып қалдық деп бас көтерді. Сөздерінше, жерді ықпалды кәсіпкер меншіктеп, егістік алқапқа айналдырып жатыр екен.
Соның салдарынан үш бірдей ауыл енді төрт түлігін қайда жаярын білмей отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның
“Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап.