Ол бұған дейін қамауға алынған индонезиялық әйелдің көңілдесі болған. 26 жастағы жігіт осы елдің азаматы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Куала-Лумпур қаласының әуежайында Солтүстік Корея басшысының ағасы Ким Чен Намға қастандық жасалып, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Оны екі әйел улы ине тығып өлтірді деген болжам бар. Осыған дейін екі әйел: бірі Вьетнам, екіншісі Индонезия азаматшасы қамалған. Бірақ қастандықты нақты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Оны Солтүстік Кореяның құпия қызметі жүзеге асырды деген күдік бар. Ал Малайзия билігі Ким Чен Намның мәйітін неден өлгені тексеріліп анықталғаннан кейін Солтүстік Кореяға беретінін мәлімдеді.
— Полиция барлық қажетті дәрігерлік сараптаманы аяқтағаннан кейін ғана біз марқұмның мәйітін елшілік арқылы жақындарына береміз, деді Малайзия Премьер-министрінің орынбасары Ахмад Хамид Захиди.