Малайзия Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары басталды
Малайзия Премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Разак Қазақстанға ресми сапармен келді. |
Сапар барысында Малайзия Үкіметі басшысының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен келіссөздері жоспарланып отыр. Кездесулердің қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Наджиб Разак сондай-ақ Астанада 7-9 маусым аралығында өтетін жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін