Малы өрістен ұрланып жатқан жұрт полицияның сылбырлығына наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малы өрістен ұрланып жатқан жұрт полицияның сылбырлығына наразылық білдірді

Малы өрістен ұрланып жатқан жұрт полицияның сылбырлығына наразылық білдірді

Қарағанды облысындағы Құрылыс ауылына барымташылар қырғидай тиіп жатыр. Мал ұрлығы әсіресе соңғы екі жылда қатты өршіп кеткен. Өрістен айдап әкете берген соң, қорасына тығып күзетсе де басынған ұрылар ебін тауып, ауладан да айдап әкетеді екен. Полицияға арыз жазылғанымен ұрыдан да, қолды болған малдан да хабар жоқ дейді ашынған тұрғындар.

  • 16 Мамыр 2014
  • 185
Фото - Caravan.kz

Бар-жоғы жүзден астам үйі бар шағын ауыл қазір үрей үстінде отыр. Себебі, айналдырған 2 жылдың ішінде жүзге жуық малы қолды болған. Өрістегіні қойып үйді жағалаған баукеспелер ірі-қараны алысқа апарып әуреге түспейді екен. Буаз биені ауыл іргесіндегі зираттың ішінде бауыздағандарын көргенде жұрт жағасын ұстапты. Ал полицейлер осы ауылдан мал ұрлығы туралы бар болғаны екі-ақ арыз түсті дегендерімен, оның өзі әлі ашылмаған.


Сарқыт Сәтмағамбетова Құрылыс ауылының тұрғыны:

-Полиция  жұмыс істемейді. Қағаз толтырудан қолдары босамайды. Ал қылмыс ашылмай жатыр.  Мен не басқа біреу үшін асырап жатырмын ба малды? Жоғары жаққа барайын бедім бірақ қайда барам. Әкімдік те полиция да жұмыс істемейді.  Екеуі бір бірімен байланысты.