Мамандар ми қызметін жақсартатын тағамдарды атады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамандар ми қызметін жақсартатын тағамдарды атады

Мамандар ми қызметін жақсартатын тағамдарды атады

Psychology Today басылымы дұрыс тамақтану арқылы адамның ми қызметін жақсартуға болады деп мәлімдеді. Басылымның жазуынша, төменде көрсетілген 14 тағам адамға «ақыл қосады».

  • 9 Қаңтар 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz

1. Таңқурай. Неврологтар жемістің барлығы да мидың белсенді жұмыс жасауына септігін тигізеді деген пікір айтуда. Алайда таңқурайға жететін жеміс жоқ. Ол күйзелістің алдын алады, сондай-ақ мидың қартаюына жол бермейді.

2. Грек жаңғағы мен авокадо ми жұмысын жылдамдатып, белсенді болуға септігін тигізеді.

3. Жұмыртқа. Бұл тағам да ми қызметін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.

4.  Арқан балық. Бұл балықтың құрамында Омега-3, темір, ми қызметіне пайдалы дәрумендер көптеп кездеседі. Бұны күнделікті жеу есте сақтау қабілетін арттыруға, шығармашылық ой-қабілетті дамытуға өте пайдалы.

5. Баклажан ми жасушаларының байланысын жақсартады. Жаңа ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі.

6. Кофеин. Көп жағдайда компьютердің алдында ұзақ отыратын адамдар үшін пайдалы. Кофенің құрамында антиоксидант пен аминқышқылдары мол болғандықтан, ол күн ұзаққа адамның сергек жүруіне көмектеседі.

7. Қара шоколад адамның көңіл күйін көтереді. Зейінін жақсартады.

8. Көк шай жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.


9. Йогурт ақуызға мол, ми жұмысын жақсартады.

10. Саумалдық мидағы қанайналым жүйесіне пайдалы.

11. Қызыл шарап есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі.

12. Қоңыр күріш тірлі дәрумендерге бай болғандықтан жаңа ақпаратты тез қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі.

13. Какаоның құрманыдға антиоксидант миды дмеалдырып, күйзелістен сақтайды.

14. Сарымсақ тұмаудан ғана сақтамайды, сондай-ақ күйзелістің де алдын алады.

Миыңыз белсенді жұмыс жасасын десеңіз тәттіден аулақ болыңыз, себебі конфет сынды тағамдар ағзадағы глюкозаның ауытқуына алып келеді. Ал бұл адамды күйзеліске, зейінінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ картоп, ет өнімдері керісінше ми қызметін баяулатып, адамның ұйқысын тудырады. Сонымен бірге диета ұстану, дұрыс тамақтанбау да ми жұмысын баяулатады, деп жазады шетелдік БАҚ.