«Мамыр айында біз ЭКСПО нысандарының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек ел ішінде, сонымен қатар шетелдерде ақпараттық-коммуникациялық стратегия бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Бұл шаралар ЭКСПО кезінде келушілердің санын барынша молайту үшін жүргізілуде», — деді ол.
Сондай-ақ министр өз сөзінде ЭКСПО-дан мұра болып қалатын нысандарды одан әрі қалай пайдалану қажеттігі мәселелері де кеңінен талқыға түсіп жатқандығын баса айтты. Бұл ретте ол аталған нысандарды барынша тиімді пайдалануға негізделген тамаша идеялардың да бар екендігін жасырмады. «Көптеген адамдарда «ЭКСПО бір реттік шара «салды, ақшаны жұмсады, ЭКСПО-ны өткізді» деген ой қалыптасқан. Жоқ, олай емес. Әлі де болса көпшілік ЭКСПО-ны дұрыс түсіне алмай жүр. Шын мәнінде ЭКСПО — біздің еліміздің дамуы үшін ауқымды әлеуметтік-экономикалық тиімділік. Өйткені, ол көптеген салалардың дамуына серпін береді», — Н.Қаппаров.