Мамытбеков бидай мен күріш өсіруді қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамытбеков бидай мен күріш өсіруді қысқартты

Мамытбеков бидай мен күріш өсіруді қысқартты

Егістік алқабы 2009-шы жылмен салыстырғанда 2,4 миллион гектарға қысқарды. Оның орнына басқа шаруашылықты ұлғайттық. Дәнді дақылдар мен мал шаруашылығын дамыту үш

  • 30 Қаңтар 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Ал бидай алқаптарын азайту себебін министр Асылжан Мамытбеков былтырғы ысырап болған өніммен түсіндірді. Өйткені, өткен жылы шаруалар егіндерін еш жерге өткізе алмай шаш етектен шығынға батқан болатын. Оның үстіне соңғы уақытта мал басы айтарлықтай өсуде. Сәйкесінше, жем-шөпке сұраныс артқан. Сондықтан, бидай мен күріш орнына биыл министрлік басқа дәнді дақылдардың көлемін арттыру жоспарлапты. Бұған бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінбек. Қаржы тұқым шаруашылығын дамытуға, техника сатып алуға, лизингтiк субсидиялауға бағытталады деді еліміздің бас агрономы.


Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

— Егістік алқабы 2009-шы жылмен салыстырғанда 2,4 миллион гектарға қысқарды. Оның орнына басқа шаруашылықты ұлғайттық. Дәнді дақылдар мен мал шаруашылығын дамыту үшін егістік алқабын қысқартуға тура келді.