"Маңғыстау атом энергиясы комбинаты" РМК-да конкурстық басқару процедурасының мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маңғыстау атом энергиясы комбинаты" РМК-да конкурстық басқару процедурасының мерзімі ұзартылды

"Маңғыстау атом энергиясы комбинаты" РМК-да конкурстық басқару процедурасының мерзімі ұзартылды

"Маңғыстау атом энергиясы комбинаты" РМК-да (МАЭК) конкурстық басқару процедурасының мерзімі ұзартылды. Оған дебиторлық борыш көлемінің тым көптігі себеп болып отыр,- деп хабарлайды "МАЭК Қазатомпром" ЖШС-нің баспасөз қызметі. Соған байланысты конкурстық басқару процедурасының мерзімі бұрын жоспарланғандай 2003-жылдың 16-шілдесіне дейін емес, 2003-жылдың соңына дейін ұзартылды.

  • 4 Шiлде 2003
  • 817
Фото - Caravan.kz

Конкурстық басқарушы Бақыт Шыршықбаевтың хабарлауынша, қазір РМК алдындағы жалпы дебиторлық берешек 5 млрд.-тан астам теғгені, соның ішінде тұрғындардың кәсіпорынға қарызы 1,7 млрд. теңгені құрайды.

Өткен мерзім ішінде 101 млн. теңге көлеміндегі бірінші және екінші кезекті кредиторлық борышы өтелді. Бірінші кезектегі берешек 37 млн. теңге, екінші кезекті берешек 64 млн. теңгені құрайды. Қазір «МАЭК» РМК 1,1 млрд. теңге көлеміндегі үшінші кезекті кредиторлық берешекті өтеуге кірісті.
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, аукцион нәтижесінде «Қазақатом өнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы МАЭК-ті өз иелігіне алған болатын. Ұлттық компания кешен негізінде «МАЭК Қазатомпром» ЖШС кәсіпорнын құрды. Бірақ «МАЭК Қазатомпром» ЖШС «МАЭК» РМК-ның берешектері бойынша міндеттеме жүктемейді. Ол тек өнім беруші мен мердігер арасындағы тиеліп жіберілген, дайындалып жатқан және жол үстіндегі тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін дебиторлық борыш бойынша міндеттемені өз мойнына алған. Басқа берешектерді ҚР қаржы министрлігінің банкроттыққа ұшыраған борышты мекемелермен жұмыс істеу жөніндегі комитетінен тағайындалған конкурстық басқарушы өтеп беруге тиіс.

Соңғы жаңалықтар