Жарияланды: 450

Маңғыстау: бір жарым айда 25 адамды қарақұрт шаққан

Маңғыстау облысында қарақұрт шағу оқиғалары көбейіп кетті. Өңірде бір жарым айдың ішінде  қауіпті жәндіктен жапа шеккен  25 адам ауруханаға түскен.

Маңғыстаудағы аса улы жәндіктердің бірі - қарақұрт аналығы. Жылда жаз басталысымен «қарақұрт шақты» деп дәрігерлер көмегіне жүгінетіндер жиілейді. Өйткені мамыр, маусым айлары бұл жәндіктердің жұмыртқалайтын кезеңі. Бірақ  аз уақыттың ішінде көп адамның зардап шегуі бұрын болмаған. «Биыл күніне үш-төрт науқасқа дейін көмек сұрап келеді», - дейді дәрігерлер. Дені жәндіктен далада, қала маңындағы саяжайларда,  құрылыс алаңдарында жапа шеккен. Мамандардың айтуынша, қосымша сырқаты бар адамдар ғана қарақұрт уынан қайтыс болып кетуі мүмкін. Сондықтан өз-өзіңізге алғашқы дәрігерлерік көмек көрсетумен әлек болмай, бірден медициалық мекемеге барған абзал. Ал Ақтауда облыстық ауруханаға түскен жиырма бес науқастың үшеуінен басқасы қазір үйлеріне қайтарылған.

Еркін Өтеулі, Маңғыстау облыстық ауруханасы токсикология бөлімінің меңгерушісі:

 - Көпшілігі  төрт сағаттың аралығында келіп түсті. Көп жағдайда бұл науқастардың бүкіл денесі ауырады. Дем жетпей, қатты терлеп, қорқыныш сияқты клиникалық көріністер болады. Барлығына дер кезінде ем шаралар көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін