Облыс әкімінің аппаратынан хабарланғандай, 24 маусымда Интернетте Маңғыстау облысының әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 тармағы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпарат жарияланған болатын.
Осы хабарламаға сәйкес, әкімдік қызметкерлері мемлекет мүдделеріне қайшы келе отырып, «Маңғыстау» АҚ акцияларының бір бөлігін үшінші тұлғаларға сатқан-мыс. Алайда, облыс әкімінің аппараты хабарлағандай, қылмыстық істі қозғау туралы қаулыны Маңғыстау облысының прокуроры биылғы жылдың 20 маусымында заңсыз деп таныған және қылмыстық іс қозғалмаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті