Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады
Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Маңғыстау облыстық прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау барысында жылдың бірінші жартысында 343 тексеру жүргізіп, олардың нәтижесі бойынша 5754 заң бұзушылық дерегін анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Тексерулер нәтижесінде 162 наразылық қанағаттандырылып, соған сәйкес, 576 заңсыз акт, соның ішінде 13 нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды. 401 таныстыруды қарау нәтижесінде 418 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 485-і - әкімшілік, 1-і материалдық жауапкершілікке тартылды.
Тексерулер нәтижесінде 4 қылмыстық іс қозғалып, оның 3-і сотқа жолданды. Сот мүліктік сипаттағы 16, азаматтық істер бойынша 6 шағымды қанағаттандырды. Олар 18,9 млн теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін