Маңғыстау облысында 2003-жылы "Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және апатты жағдайдағы үйлерді құлату" бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 2003-жылы "Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және апатты жағдайдағы үйлерді құлату" бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млн. теңге бөлінеді

Маңғыстау облысында 2003-жылы "Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және апатты жағдайдағы үйлерді құлату" бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млн. теңге бөлінеді

ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорын сақтап қалу және тұрғын үй құрылысын дамыту концепциясына" сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен 2001-2005-жылдарға арналған "Тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және апатты жағдайдағы үйлерді құлату" жөніндегі аймақтық бағдарламаның жобасы жасалып бекітілді. Бұл жобаны жүзеге асыруға биыл жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Ақтауда құрылыс нысандарын салуға жер учаскелерін алған инвесторлардың апта сайынғы бас қосуында айтылды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2003
  • 751
Фото - Caravan.kz

Облыс бойынша құрылыс нысандарын салу және күрделі жөндеу мақсатына 2 млрд. 487 млн. 508 мың теңге бөлінген. Оның 162 млн. 515 мың теңгесі денсаулық сақтау нысандарына, 868 млн. 706 мың теңгесі білім беру нысандарына, 220 млн. 376 мың теңгесі газбен қамтамасыз ету нысандарына арналған. Ал тұрғын үй нысандары көбінесе жеке меншік құрылысшылар есебінен салынып жүр. Әкімшілік бірінші кезекте мүгедектер, ардагерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етпек ниетте. Ал ақсүйектерге арналған қымбат үйлер салу қарапайым тұрғын үйлер қоры рыногін тұрақтандыруға септігін тигізеді деп күтілуде.

Үстіміздегі жылдың 5 айында азаматтардың өз қаржысы есебінен Жаңаөзен қаласында 21311 шаршы метр; Бейнеу ауданында — 18331 шаршы метр; Қарақия ауданында — 1073 шаршы метр; Маңғыстау ауданында- 9000 шаршы метр; Түпқараған ауданында — 1326 шаршы метр; Ақтауда — 6073 шаршы метр тұрғын үй салынды.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы тұрғын үйлер салуға да баса мән беріліп отыр. Қазіргі таңда Неке сарайының жобасы жасалып аяқталуға жақын. Ал құрылыс жұмыстары таяу уақыттарда басталады деп жоспарланған. Бұл мақсатқа 8,930 млн. теңге бөлінді.
Сонымен бірге, сағатына 350 жолаушыға даяшылық жасай алатын «Ақтау халықаралық аэровокзалы» нысанының құрылысын салу жұмыстарының жобасы жасалып, оны жүзеге асыруға тендер жарияланды.
«Қаражанбасмұнай» ААҚ-ның қаржылық демеушілігі арқасында «Балдырған» балалар қорымен бірлесіп «Балалар ауылы» нысанының құрылысы салына бастады.
Денсаулық сақтау саласында 42,380 млн. теңгеге балалар емханасы мен 70,048 млн. теңгеге қалалық орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу , сондай-ақ, Жаңаөзен қалалық жүқпалы аурулар ауруханасын 4,7 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары тәмамадалуға жақын. Ақтауда 309,787 млн. теңгеге перзентхананың 2-блогы салынуда. Сондай-ақ, Ақтау қалалық емханасы, Түпқараған және Қарақия аудандық емханалары мен Маңғыстау ауруханасының жанындағы Қызылтөбе ауылдық амбулаторияларын да күрделі жөндеуден өткізу межеленіп отыр.
Білім беру саласында 78,373 млн. теңгеге Бейнеу аудандық мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. Маңғыстау ауданы Ақшыңырау ауылында 17,88 млн . теңгеге орта мектеп ғимаратына қосалқы нысан салу жұмысы аяқталды. Жаңаөзен қаласында 6,9 млн. теңгеге мектеп ғимараты жөнделіп, 7,6 млн. теңгеге оқу ғимараттарының шатыры жөнделді.
Түпқараған аудандық Қызылөзен ауылында 88,2 мың долларға клубты жөндеу, 1527,7 мың долларға 320 орынды орта мектеп құрылысын салу , сондай-ақ, Форт-Шевченко қаласында 91,4 мың долларға орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар